Ерулік беру

Қазақ халқының кеңпейілділігін, қонақжайлығын паш ететін дәстүрлердің
бірі – Ерулік беру.
Дәстүрдің пайда болу тарихы
Қазақ жұртының қонақжайлығы ежелгі замандардан бері жоғары деңгейде болған. Бұл дәстүр сонау көшпелілер заманынан келе жатыр.

Ертеде ауыл тұрғындары арқаларына, аттарына жүк артып келе жатқан адамдарды көргенде олардың көшпелілер екендігін бірден-ақ түсінетін. Олардың бір қоныстан басқасына ауысуы үшін ұзақ қашықтық жүретіндігі де бәріне мәлім болған. Мұндай жағдайда ауыл тұрғындары қонақтарды үйлеріне шақырып, барынша құрметпен қарсы алып, күтетін. Қонақтарды молынан тамақтандырып, демалдырып, жолдарына жігерлендіріп қана жіберетін. Еш көмегін аямай, барынша көмектесіге тырысатын. Бұл қазақ халқының керемет дәстүрлерінің бірі – ерулік берудің негізін қалады.
Ерулік берудің мағынасы
Көрші үйге жаңадан қоныс аударғандарды жергілікті тұрғындардың барлығы өз үйлеріне қонаққа шақырады. Көршілер жаңа келіп қоныстанғандарға бар қонақжайлығын көрсетіп, өз қуаныштарын осылай жеткізеді. Бұл көршілерді жақындастырып, берік, жылы қарым-қатынас орнатуына әсер етеді. Енді бір жағынан, қоныс аударғандарды аймаққа тезірек үйренісіп кетуі үшін, оларға барынша көмек көрсету үшін шақырады.
Ерулікті бүгін қалай атап өтеді?
Бүгінгі күнде бұл дәстүр ауылды аймақтарда көбінен тараған. Алайда, қала тұрғындары да ерулік беруді ұмытпай, өздерінің жаңа көршілеріне көңіл бөлуге тырысады.

Көршілерді ерулік беруге шақырғанда, үй-іші қонақтарына бай дастархан жаяды. Олар танысып, бірге ас ішіп, күліп-ойнап, ән салады, түрлі әнгіме айтысып, жақындасады.

Егер көшіп келгендер енді отау құрған жастар болса, көршілері оларға ыдыс-аяқ немесе басқа тұрмыста қажетті заттарды сыйлауға тырысады. Ерулік бергеннен кейін, жаңа қоныстанғандарды шығарып салып, олардың үйінде шашу шашады.
Бұл дәстүр көршілерге бір-біріне туыстасып, жақын болуына көмектеседі. Қала болсын, ауыл болсын, тұрған жеріміздің бәрінде көршілерімізбен жақсы қарым-қатынаста болғанымыз жөн. Ата-бабаларымыздың «алыстағы ағайыннан, жақындағы көршін артық» деген сөзі де бекер емес.
Филиалы производства:
г.Астана, Халел Досмухамедулы, 57
Адрес нашего производства:
г.Алматы, Полежаева, 94
Сделано в w-family.ru
г. Актобе, пр-т 312-й Стрелковой дивизии, 38
Сейчас мы онлайн