Алдымен ас даярлайтын қазанды қыздырып, құйрық майын қуырып алыңыз. Ол уақытта жүрек, бауыр мен өкпелерді жуандығы 2-3 см бөліктерге турай беріңіз.
Құйрық майы ерігеннен кейін оның бөлшектерін қазаннан алып тастап, қазанға жүрек пен өкпе етін салыңыз. Бауыр етін кейінірек салған жөн, себебі ол тез піседі.
Пиязды сақина етіп турап, қуырылып жатқан етке қосамыз. Барлығын жақсылап араластырамыз.
Әрі қарай көкшөп пен сарымсақты ұсақтап турап, қазандағы тағамға қосамыз. Бұрышын қосып, тұздап, қайта араластырамыз
Жарты сағат көлемінде орташа отта бұқтырып пісіреміз.
Ол уақыт ішінде картопты кішірек қылып турап, бауырмен бірге қазанға саламыз. Соңғы ингредиенттерді салып біткеннен кейін тағамымызға 150 мл су қосып, отын көтеріп, әрі қарай пісіреміз.
Қуырдақтың дайын болғандығын картоптың піскенімен біле аламыз