3. Үлкен домалақ пішінді қамыр жаямыз. Оны төртбұрышты біртекті бөліктерге бөлеміз. Салындыны ішіне салып, мантыны жасаймыз. Қаласаңыз, қамырды үлкен етіп жаймай-ақ, одан кішкентай бөліктерді алып отырып, әрқайсысын бөлек жайсаңыз болады
4. Мантыны ұн себілген тақтайға уақытша қоямыз. Қаласаңыз, мантыны мұздатып, қонақ келердің алдында дайындасаңыз болады.
5. Мантоварканың астыңғы бөлігіне жартылай су құямыз. Қалауыңызша, лавр жапырақтары мен қара бұршақ бұрышты салсаңыз болады. Суды тұздап, отты қосамыз. Қайнауын күтеміз
6. Мантоварканың әрқайсысының түбіне күнбағыс майын жағамыз. Мантыны бір-бірінен сәл ажыратып, ішіне саламыз. Мантоварканың қақпағын жауып, орташа отта 45 минут көлемінде буда қайнатамыз.