Дәмді палаудың рецепті

Палау – Орта Азия халықтарының танымал дәстүрлі тағамдарының бірі. Палауды дұрыс даярлай білу – әркімнің қолынан келе бермейтін іс. Біз сізге үй жағдайында жасауға келетін дәмді қазақ палауының рецептін ұсынамыз.

Қазақ палауының өзге палау түрлерінен қандай айырмашылығы бар деген сұрақ туындаған шығар? Қазақ палауы көбінесе құйрық майының ерітіндісінде немесе тазартылған мақта майында әзірленеді.
Ингредиенттер:
6 порцияға арналған
Қой немесе сиыр еті – 1,5-2 кг.
Күріш – 1 кг.
Сәбіз – 600 гр.
Пияз – 500 гр.
Қара/қызыл бұрыш – дәміне қарай
Татымды дәмдеуіштер – дәміне қарай
Тұз – дәміне қарай
Сарымсақ – 1 бас
Құйрық май (немесе күнбағыс майы) – 150 г.


ДАЙЫНДАУ ЖОЛЫ


1. Ең алдымен, пиязды ұзыншалап турап, етті кішкентай бөліктерге турап дайындап қоямыз. Сәбізді кесектеп тураймыз.



2. Пиязды қазандағы қыздырылған майға қуырамыз. Пияздың түсі кішкене сарғая бастағанда оған туралған ет пен сәбізді қосып, араластырамыз. 7 минут бойы қазанның қақпағын жаппай, бұқтырамыз.




3. Етке барлық дәмдеуіштерді қосып, жақсылап араластырамыз. Содан кейін қазанға еттің барлығын жауып тұратындай су құйып, орташа отта 40-45 бұқтырып, пісіреміз



4. Бұл уақыт аралығында, күрішті 5-6 рет суық суда жуып аламыз. Таза күрішті етке қосамыз, оны араластырмай, үстінен 2 см жоғары болып тұратындай су құямыз.


5. Қазанның қақпағын жауып, күріш суды сіңіргенше пісіреміз. Тағамның ортасына сарымсақты салып, ағаш қасықпен күріштің үстінен бірнеше шұңқыр жасап қоямыз. Ол будың шығуы үшін жасалады. Жабулы қазан астында 25 минут дайындаймыз.




6. Палауымыз әзір болған соң оны жақсылап араластырамыз, дастарханға қояр алдында көкшөппен безендіруге болады. Палауымыз дайын!

Филиалы производства:
г.Астана, Халел Досмухамедулы, 57
Адрес нашего производства:
г.Алматы, Полежаева, 94
Сделано в w-family.ru
г. Актобе, пр-т 312-й Стрелковой дивизии, 38
Сейчас мы онлайн