Жаппасайдың рецепті

Қазақ халқының ас мәзірі әрдайым түрлі ет пен нан қосылған тағамдарымен танымал. Бешбармақ, қуырдақ, манты. Неше түрлі тіл үйірер тағамдар бар. Дегенмен, қазақша лазанья деуге келетін бір қызықты ерекше тағам бар. Ол – жаппасай (жаппа нан)

Бұл шырынды тағам қазанда, көптеген көкөністердің, және, әрине де, еттің қосылуымен даярланады.
Ингредиенттер:
4 порцияға арналған
Қамырға:
Ұн – 500 г.
Су – 150 мл.
Жұмыртқа – 1 дана
Тұз – 1 шай қасығы

Салындысы:
Сиыр немесе қой еті – 400 г.
Картоп – 400 г.
Сәбіз – 200 г.
Пияз – 300 г.
Болгар бұрышы – 300 г.
Сарымсақ – 3 кішкентай дана
Күнбағыс майы (қуыруға) – 60 мл.
Су – 300 мл.
Тұз – 1 ас қасығы
Ұнтақталған қара бұрыш – 1/3 ас қасығы
Томат пастасы 50 г.


ДАЙЫНДАУ ЖОЛЫ

1. Суық суда тұзды ерітіп, ол суға жұмыртқаны қосып, жақсылап араластырамыз. Ұнды тостағанға салып, оған ақырындап су құйып, қамыр илейміз. Қамырды 10 минут көлемінде илеген жөн. Дайын болған қамырды пакетке салып, 40 минутқа қалдырып қоямыз




2. Салындысын даярлаймыз. Жуылған ет пен көкөністерді ұсақ төртбұрышты етіп тураймыз. Сарымсақты майдалап тураймыз.



3. Көтерілген қамырды жаямыз. Оны 8 бөлікке бөлеміз. Әр бөліктті шар сиякты илеп, пакетке салып отырамыз. Ол қамырды кеуіп кетуден қорғайды.



4. Әр шардан диаметрі 20-25 см домалақ қамыр жаямыз. Оны біртекті тіктөртбұрышты бөліктерге бөліп, қамырға күнбағыс майын жағып, бірінің үстіне біріп салып дайындап қоямыз.




5. Қазанда майды қыздырып, ет, сәбіз бен пиязды қуырып аламыз. 20 минут көлемінде қуырғаннан кейін, қалған көкөністерді қосамыз



6. Салындыны тұздап, бұрышын қосамыз. Томат пастасын салып, жақсылап араластырамыз. Қазанға қуырманың деңгейімен бурдей етіп су құямыз.




7. Дайын қамыр бөліктерін алып, қуырманың үстінен саламыз. Барлық қамырды бірінің үстіне бірін барлық тағамды жабатындай етіп саламыз. Қазанның қақпағын жауып, 20 минут көлемінде орташа отта тағамды бұқтырамыз.


8. Тағам даяр болған кезде, ең алдымен жайпақ табаққа нан бөліктерін қабаттастырып саламыз. Табақтың ортасына қуырманы саламыз. Үстінен қазандағы тұздықты құямыз. Қалауыңызша, тағамнын үстінен қаймақ салса немесе көкшөп сепсе болады.

Жаппасай дайын болды, Асыңыз дәмді болсын!

Филиалы производства:
г.Астана, Халел Досмухамедулы, 57
Адрес нашего производства:
г.Алматы, Полежаева, 94
Сделано в w-family.ru
г. Актобе, пр-т 312-й Стрелковой дивизии, 38
Сейчас мы онлайн